Accessibility links

Педофильді уақытша кастрациялау заңы қабылданды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанда педофильдерге химиялық кастрация жасауға рұқсат ететін заң қабылданды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев бүгін бұл жайлы "Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған. Заңды наурызда парламент мақұлдаған.

Қазақстандық депутаттар бұған дейін кастрация адамды жыныстық зорлық-зомбылықтан ескерту үшін, белгілі бір уақытқа инъекция егу арқылы жасалатынын айтқан.

Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова кастрация медициналық мекемеде сот шешімі бойынша ғана орындалатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG