Accessibility links

Атырауда жер мәселесіне арналған митинг өтіп жатыр


Атырау қаласы орталығындағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. 24 сәуір 2016 жыл.
Атырау қаласы орталығындағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. 24 сәуір 2016 жыл.

Бүгін Атырау қаласы орталығындағы Исатай мен Махамбет аланыңа жүздеген адам жиналды. Олар «жерді шетелдіктерге жалға беруге және сатуға» қарсылығын білдіруге келгендерін айтады.

Алаңға жиналғандар осы жерге келген қала әкімі Нұрлан Ожаев пен облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевқа өз талаптарын жеткізді. Әкім Ожаев «рұқсат етілмеген митинг өткізу - заңсыз» болатынын айтқанымен, жұртшылық тараудан бас тартты.

Шенеуніктер жұртшылыққа «Қазақстанның жері мен егемендігіне ешкім қол сұға алмайтынын» түсіндіруге тырысты. Бұдан соң билік өкілдері алаңнан кетіп қалды. Алаңда митинг жалғасып, сөйелегендер «жерді шетелдіктерге сатуға да, жалға беруге де» қарсы екендерін айтып жатыр.

Қоғамдық белсенділер жиналған жұртты «арандатудан сақ болып, тәртіп бұзбауға» шақырды. Исатай мен Махамбет алаңы маңына бүгін таңертеңнен тұрған полиция жиынды сырттай бақылап тұр.

Бұған дейін жергілікті белсенділер Атырауда 24 сәуірде митинг өткізуге рұқсат сұрап қала әкімдігіне өтініш берген. Бірақ билік олардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG