Accessibility links

Прокуратура: Нұрәлі Әлиевке қатысты тергеу жүргізілмейді


ICIJ сайтында жарияланған Нұрәлі Әлиев туралы мәліметінің скриншоты.
ICIJ сайтында жарияланған Нұрәлі Әлиев туралы мәліметінің скриншоты.

"Панамагейт" аталып кеткен офшорлық әрекеттерге қатысты аты аталған Нұрәлі Әлиевтің үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан жоқ деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы. Прокуратура бұл туралы Азаттықтың жазбаша сауалына берген жауабында тексеру жүргізбеуге "панамагейт" "материалдарының шығу көздері туралы қандай да бір шынайы мәлімет жоғын" себеп деген.

Сәуірдің басында коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) медиа тобы мен Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (ICIJ) және бірқатар шетелдік БАҚ Панамада орналасқан Mossack Fonseca заң компаниясының құжаттарын жариялаған. Онда Астана әкімінің бұрынғы орынбасары, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің британдық Виргин аралдарында бірнеше фирманың акционері болғаны айтылған.

Азаттық прокуратурадан Әлиев Астана әкімі орынбасары болып тұрғанда тапсырған салық декларациясында Виргин аралдарындағы фирманың акционері болғанын көрсеткен бе деп сұраған. Прокуратура азаматтардың табысы мен мүлкі туралы декларациясы салық органдарына тапсырылатынын және ол "жариялауға жатпайтын салық құпиясы болып саналатынын" айтқан.

"Панамагейт" құжаттарында Нұрәлі Әлиевтен басқа Нұрсұлтан Назарбаевтың "жақын серігінің" де аты аталған.

XS
SM
MD
LG