Accessibility links

Шетпе ақсақалдары жерге қатысты үндеу жолдады


Шетпе ауылының ақсақалдары өткізген жиын. 25 сәуір 2016 жыл

Шетпе ауылының ақсақалдары өткізген жиын. 25 сәуір 2016 жыл

25 сәуірде Маңғыстау облысындағы Шетпе ауылының бір топ ақсақалы ауыл орталығындағы 1870 жылғы Ресей отарлауына қарсы бас көтерген қазақ батыры Досан Тәжіұлының ескерткіші қасында жиналып, билікке жер туралы үндеу жолдады. Бұл туралы Оңды ауылының тұрғыны Жәнібек Қожық өзінің Facebook парақшасында баяндады.

Суреттерімен бірге жарияланған хабарламада ауыл ақсақалдарының "үкіметке жер сатуға наразылық білдірген үндеу жолдағандары" жазылған.

Шетпе ақсақалдары өткізген жиын. 25 сәуір 2016 жыл

Шетпе ақсақалдары өткізген жиын. 25 сәуір 2016 жыл

Үндеуде жер туралы заңды қайта қарау, жерді шетелдіктерге жалға да бермеу, сатпау, Қазақстан азаматтарына жалға берілетін жер көлемін белгілеу туралы талаптар қойылған.

Қазақстандағы жерге қатысты халықтың алаңдаушылығы наурыздың соңындағы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 1 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы жерлерінің аукцион арқылы сатылатыны туралы мәлімдемесінен соң бел алған. Осыған байланысты 25 сәуірде Атырау қаласында өткен рұқсат етілмеген митингіге мыңдаған адам қатысып, жердің сатылуына қарсылық білдірген.

XS
SM
MD
LG