Accessibility links

Ақтауда полиция жер мәселесіне қатысты жиынды таратты


Ақтөбенің орталығындағы Ынтымақ алаңында жиынға келгендердің тарауын бақылап тұрған полицейлер

Ақтөбенің орталығындағы Ынтымақ алаңында жиынға келгендердің тарауын бақылап тұрған полицейлер

Ақтаудың орталық Ынтымақ алаңында бүгін жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге қарсы өтіп жатқан рұқсат етілмеген жиынға полиция кедергі жасап, таратты.

Орталық алаңға түстен кейін ондаған адам жиналып, жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсылықтарын білдіре бастаған. Ортаға шығып сөйлегендер жерді сатуға, шетелдіктерге жалға беруге мүлде қарсы екендерін айтып жатқан. Жарты сағатқа жуық уақыттан соң алаңға ондаған полицей келіп, жиналғандарды таратуға тырысты. Жиналғандар тарамайтындарын айтып, қарсылықтарын білдірген соң полиция оларды күштеп көлікпен әкететінін ескерткен. Бұдан соң тұрғындар жан-жаққа шашырап тарала бастағанымен, алаңнан ұзап кете қоймады.

Жиын басталмай тұрып алаңда полицейлер жүрген. Алаң маңында бірнеше полиция көліктері мен автобустар да байқалады.

Полиция әзірге ешкімді ұстай қоймады.

27 сәуірде Ақтөбеде түстен кейін Тұңғыш президент паркінде үкіметтің ауыл шаруашылығы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарына қарсы рұқсат етілмеген бейбіт митинг өткен. Митингке бірнеше жүз адам қатысқан. Митингте жерді сатуға мораторий енгізу талабы қойылған. Осыған ұқсас митинг кеше Семейде де өткен.

24 сәуірде Атырауда да жерді сату мен шетелдіктерге жалға беруге қарсы жүздеген адам қатысқан рқсат етілмеген митинг болған.

XS
SM
MD
LG