Accessibility links

Ауыр атлет Уланов Азия чемпионы атанды


Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызмеінен алынды).

Қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов (Сурет Қазақстан ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызмеінен алынды).

Ауыр атлетикадан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия чемпионатында Денис Уланов 85 килограмм салмақ категориясында алтын медаль алды.

Ол серпе көтеруде 168 килограмды, жұлқа көтеруде 205 килограмды көтерді. Улановтың қоссайыстағы нәтижесі 373 килограмм болды.

Күміс жүлдені 356 келі (158+198) көтерген ирандық Муса Вижарахи, қола медальды 355 келі (165+190) көрсеткішке жеткен қытайлық Сю Ин алды.

29 сәуірде Ташкенттегі Азия чемпионатында 94 килограмда Владимир Седов жарысқа шығады.

Биылғы Азия біріншілігіне Қазақстаннан тек Денис Уланов пен Владимир Седов қатысып жатыр.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG