Accessibility links

Алматыда "жер дауына" қатысты митинг өткізген адам қамалған


Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).
Алматы қалалық соты (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жер мәселесіне қатысты рұқсат етілмеген митинг өткізген тұрғынды 15 тәулікке қамады деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Соттың хабарлауынша, әкімшілік сот 4 мамырда қала тұрғыны Н.Кемелбаевты әкімшілік кодекстің 488-бабының 3-тармағы бойынша (бейбіт жиын, митинг, шеру, пикет пен демонстрацияны ұйымдастыру мен өткізу ережесі туралы заңды бұзу) айыпты деп тауып, 15 тәулікке қамаған.

Алматыда 1 мамыр күні кешке Райымбек даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында Райымбек батырға арналған ескерткіш алдында ондаған адам жиналып, "үкіметтің жерді сату және шетелдіктерге жалға беру жоспарына наразылық танытқаны" жайлы видео тараған еді. Сот мәліметінше, "бұл рұқсат етілмеген митингіні Н.Кемелбаев ұйымдастырған".

Сот шешімі күшіне енбеген.

XS
SM
MD
LG