Accessibility links

WADA Сочидегі допинг қолдану туралы ақпаратты тексермек


Сочи олимпиадасындағы олимпиада туы мен Ресей туы (Көрнекі сурет).

Сочи олимпиадасындағы олимпиада туы мен Ресей туы (Көрнекі сурет).

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) 2014 жылы Сочидегі қысқы олимпиада ойындары кезінде Ресей спортшыларының допинг қолданған болуы мүмкін екеніне байланысты тергеу бастағанын мәлімдеді. WADA сайтында жарияланған мәлімдемеде агенттік сарапшылары америкалық CBS телеарнасының "60 минут" бағдарламасында айтылған ресейлік бірнеше спортшы, оның ішінде төрт алтын жүлде иегері тыйым салынған препараттарды қолданды деген ақпаратты тергеуге ниетті екені айтылады.

Бағдарламада ресейлік допингке қарсы агенттіктің бұрынғы қызметкері Виталий Степановтың Мәскеудегі зертхананың бұрынғы басшысы, қазір АҚШ-та тұратын Григорий Родченковпен Skype арқылы сөйлескенінен үзінді көрсетіледі. Онда Родченков олимпиадаға қатысқан ресейлік спортшылардың допинг қолданғаны және Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) қызметкерлерінің спортшыларды тесттен өткізуге жауапты мамандар рөлін атқарғаны туралы айтқан.

WADA басшысы Крейг Риди бағдарламада айтылған мәліметтер алаңдаушылық тудыратынын мәлімдеді. "Олар әзірге расталған жоқ. Бірақ агенттік дереу тергеу жүргізеді" делінген мәлімдемеде. Бұған қоса мәлімдемеде Родченковтың бұған дейін WADA сарапшыларымен әңгімесінде Сочи олимпиадасында ресейлік спортшылардың допинг қолданғаны жайлы айтпағанына таңданыс білдірілген.

Ресейлік жеңіл атлеттердің биыл жазда өтетін Рио-де-Жанейро олимпиадасына қатысуы белгісіз болып тұр. Өткен жылы күзде Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясы біліктілігінен айырылып, ресейлік жеңіл атлеттер Ресей допингке қарсы ережелердің сақталуына кепілдік беретін барлық шаралардың орындамайынша халықаралық жарыстардан шеттетілген.

XS
SM
MD
LG