Accessibility links

Бразилия сенаты президентті биліктен шеттетті


Дилма Русеф (оң жақта), Бразилияның импичмент жарияланған президенті
Дилма Русеф (оң жақта), Бразилияның импичмент жарияланған президенті

Бразилия сенаты мамырдың 12-сі күні салық саясаты мен бюджет дефицитіне қатысты дауға қалған президент Дилма Русефті биліктен айырып, импичмент жариялау туралы шешім шығарды.

20 сағатқа созылған талқылаудан соң сенат мүшелерінің басым бөлігі президентін жарты жылға биліктен шеттетті. Дилма Русефтің орнын уақытша вице-президент Мишел Темер атқармақшы. Осылайша елдегі 13 жылға созылған солшылдар билігінің кезеңі аяқталды.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Бразилия қалалаырнда президентке қарсы және оны жақтайтын екі түрлі демонстрация өтіп, полиция наразыларды күшпен таратты.

Оппозиция Дилма Русефті былтырғы сайлау науқаны кезінде салықтан жалтарды және бюджет қаржысын жұмсады деп айыптайды. Биыл наурызда Русеф өзінің алдында ғана президент болған партияласы Луис Лула да Силваны әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындап, қоғамның наразылығын тудырған. Бразилия тарихындағы алғашқы әйел президент енді сотқа тартылмақшы.

XS
SM
MD
LG