Accessibility links

Талғарда екі азамат 15 күнге қамалды


"Рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған Манас Әбдіманап.

"Рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған Манас Әбдіманап.

Алматы облысы Талғар аудандық ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторлар бастығы Нұржан Күнтунов осы ауданның Бірлік ауылының Манас Әбдіманап пен Қуаныш Сұлтанәли есімді тұрғындары 15 тәулікке қамалғанын хабарлады.

«Олар әкімшілік кодекстің 488-бабы бойынша ("рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру") 15 тәулікке қамалды. Ол туралы судья Еркебұлан Келемсейітов шешім шығарған» дейді Нұржан Күнтунов.

Полиция Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны, 1994 жылы туған Манас Әбдіманапты мамырдың 16-сы күні күндізгі сағат 12-де үйінен алып кеткен. Әбдіманаптың туысы Ерболат Әлқожаның айтуынша, не себепті ұстап жатқанын түсіндірмеген полиция өздерімен бірге Манастың телефоны мен ноутбугын да алып кеткен. Әлқожа інісінің Facebook әлеуметтік желісінде жер мәселесіне қатысты ойларын, жерді жалға беруге қарсылығын білдіріп жүргенін айтады.

"Манас Талғардағы Қонаев атындағы университетте 4-курста оқып жүрген. Ертең дипломын қорғауы керек еді. Манас сотта Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін оқыды" дейді Ерболат Әлқожа.

Манас Әбдіманаптың қамалуына қатысты Азаттық тілшісіне Талғар аудандық сотынан жауап ала алу мүмкін болмай тұр.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG