Accessibility links

Атырауда Азаттық тілшісін полиция тағы ұстады


Атыраудағы орталық Исатай-Махамбет алаңы маңында тұрған адамдар мен полиция қызметкерлері. 21 мамыр 2016 жыл.

Атыраудағы орталық Исатай-Махамбет алаңы маңында тұрған адамдар мен полиция қызметкерлері. 21 мамыр 2016 жыл.

Атырауда Азаттықтың аймақтағы тілшісі Сәния Тойкенді бүгін екінші рет полиция ұстады. Журналиспен бірге полиция тағы бірнеше тұрғынды ұстап әкеткен.

Сәния Тойкеннің хабарлауынша, оған өзін Еркін Атыраубаев деп таныстырған полиция қызметкері ұсталғандарды Атырау облыстық ішкі істер басқармасына апара жатқанын айтқан.

– Редакция тапсырмасы бар, таңертең ұстап, рапорт жазған десем де босатпайды. Полиция ұстаған жергілікті тұрғын Еркін Атыраубаев алаңға өтпек болғанын айтады. Жанымызда жеті-сегіз полиция қызметкері екі арнайы полиция жасағы бар. «Камераға түсіп қалдыңыз, сол үшін жүріңіз» дейді, - деді Сәния Тойкен.

Тілшіміздің айтуынша, оны таңертең полиция қоршауына алынған Исатай-Махамбет алаңынан қашықтау, қоршау жоқ жерде ұстаған.

Сәния Тойкенді бүгін таңертең Атырауда Исатай мен Махамбет алаңы маңынан ұстап, полиция бөлімшесіне апарған еді. Журналист өзінің редакция тапсырмасымен жүргені туралы құжатын көрсеткен, полиция оның құжаттарын ксерокстен өткізіп, рапорт жазған соң босатқан еді.

XS
SM
MD
LG