Accessibility links

Ердоғанның серігі Түркия премььер-министрі болды


Түркияның жаңа премьер-министрі Бинали Йылдырым.

Түркияның жаңа премьер-министрі Бинали Йылдырым.

Түркияның іс басындағы Әділет және даму партиясы президент Режеп Тайып Ердоғанның серігі Бинали Йылдырымды 22 мамырда елдің жаңа премьер-министрі және партия жетекшісі етіп бекітті.

Бұған дейін транспорт және коммуникация министрі болған және Әділет және даму партиясын құрған Йылдырым премьерлік қызметке ұсынылған жалғыз кандидат болды. Оны партия құрылтайына жиналған делегаттардың 1 мың 405-і қолдап дауыс берді.

60 жастағы Йылдырым Ердоғанмен келісе алмаған премьер-министр Ахмет Давутоглудың орнын алмастырып отыр.

Партия құрылтайында сөйлеген Йылдырым өзі басқаратын үкімет конституцияға өкілеттіні негізінен шартты президент билігін күшейту жөнінде өзгерістер енгізуге басымдық беретінін мәлімдеді. Екі апта бұрын Ахмет Давутоглудың отставкаға кетуіне президент өкілеттігін күшейту себеп болғаны айтылады.

Ол бұған қоса үкімет басшлығын ауыстыру террористік топтармен күреске кедергі келтірмейтінін айтып, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мен елдегі және Сириядағы күрд жасақтарына қарсы әрекеттер жалғаса беретінін мәлімдеді.

Премьерлікке тағайындалған соң Ердоған Йылдырымнан жаңа үкіметті жасақтауды сұрады.

"Президент Әділет және даму партиясы жетекшісі Бинали Йылдырымнан елдің 65-үкіметін жасақтауды тапсрыды" деп хабарлады Ердоғанның баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG