Accessibility links

Рим Папасы әл-Азхар бас имамымен кездесті


Рим Папасы Франциск (сол жақта) Каирдегі әл-Азхар мешітінің бас имамы Шейх Ахмед әл-Таибпен кездесіп тұр. Ватикан, 23 мамыр 2016 жыл.

Рим Папасы Франциск (сол жақта) Каирдегі әл-Азхар мешітінің бас имамы Шейх Ахмед әл-Таибпен кездесіп тұр. Ватикан, 23 мамыр 2016 жыл.

Рим Папасы Франциск пен Каирдің Әл-Азхар мешітінің бас имамы Шейх Ахмед әл-Таибпен 23 мамырда Ватиканда кездесті. Тарихи кездесуде Папа мен имам бір-бірін құшақтап, беттерінен сүйісті. Католик шіркеуінің басшысы исламның сүнниттік бағытының жоғарғы шенді басшысы Ватиканда бірінші рет кездесіп отыр.

Кездесу Рим католик шіркеуі мен сүнниттік ислам орталығы Әл-Азхар мешіті бұған дейінгі Папа Бенедикттің мәлімдемесіне наразылық білдірген соң бес жылдық үзілістен кейін жалғасып отыр.

"Біздің кездесуіміз - көпшілікке үндеу" деді Франциск кездесу қарсаңында жасаған қысқаша мәлімдемесінде.

Әл-Азхар мешіті жасаған мәлімдемеде Таибтың Папаның "бейбітшілік пен өзара селбесіп өмір сүруге күш салуға" шақырған кездесуін қабыл алғаны айтылады.

Ватиканның мәлімдеуінше, "шын жүректен шыққан кездесу" жарты сағатқа созылған.

XS
SM
MD
LG