Accessibility links

Қырғызстан министр Мұхамедиұлының сөзіне наразы


Арыстан Мұхамедиұлы, Қазақстанның мәдениет пен спорт министрі
Арыстан Мұхамедиұлы, Қазақстанның мәдениет пен спорт министрі

24 мамыр күні Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі осы елдегі Қазақстан елшілігінің кеңесші-уәкілі Ербол Ахметовті шақырып алды. Министрліктің хабарлауынша, кездесу кезінде қазақстандық дипломатқа наразылық нотасы тапсырылған.

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының 23 мамыр күні Астанада айтқан кейбір мәлімдемесіне наразы.

Мұхамедиұлы жұртшылыққа есеп беру кезінде "Қырғызстандағы жұмыссыздық кесірінен жас қырғыз қыздар Мәскеудегі қоғамдық дәретханаларда қара жұмыс істеуге мәжбүр" деген мазмұнды мәлімдеме жасаған.

Бішкек қазақстандық министрдің сөзі дөрекі болып шыққанын, екі елдің арасындағы одақтас сипатты қарым-қатынасқа сәйкес келмейтінін ескертеді. Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі вебсайтына жариялаған арнайы мәлімдемесінде соңғы уақытта Қазақстанның мемлекеттік телеарналарынан көрші мемлекет туралы теріс, біржақты ақпарат тарату жиіледі деп санайды.

XS
SM
MD
LG