Accessibility links

Twitter сайтта өзгерістер болатынын хабарлады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Twitter микроблогтар сайты таяуда өз қызметінде өзгерістер болып, қолданушылар мүмкіндігі кеңейетінін мәлімдеді. Компания ақпаратына қарағанда, қазір Twitter қаржы нарығындағы қиындықтарға тап болған. MpffeNathanson брокерлік фирмасы компания акциясына қатысты ұсынысын "бейтарап" деңгейінен "сату керек" деңгейіне дейін төмендеткен оң 24 мамырда компания акциясы 4,8 пайызға дейін арзандап, бір акция құны 13,72 долларды құрады.

Болжам бойынша, өзгерістер бірнеше айсыз жасалмайды. Компания да өзгерістер мерзімін жарияламады.

Сайт қолданушылары бұған дейін хат-хабар мәтіні сілтемені қоса алғанда 140 символдан аспайтынына шағымданған. Модернизация жасалған соң бұл ереженің сілтемеге қатысы болмайды деген болжам бар. Бұдан өзге, контентті жылдам және қарапайым түрде бөлісіп, басқа адамға қайта жіберуге мүмкіндік беретін Retwit түймесі де пайда болмақ.

XS
SM
MD
LG