Accessibility links

Мәскеуден мыңдаған мигрант шығарылды


Мәскеуде арнайы операция барысында ұсталған мигрант. Ресей, 30 мамыр 2016 жыл.

Мәскеуде арнайы операция барысында ұсталған мигрант. Ресей, 30 мамыр 2016 жыл.

Мәскеу полициясының 5-25 мамыр аралығында жүргізген "Нелегал-2016" және "Заслон-2016" арнайы операциялары барысында Ресейден бес жарым мың заңсыз мигрант шығарылды деп хабарлайды Азаттықтың Тәжік редакциясы. Полиция 150-ге жуық іздеуде жүрген қылмыскердің ұсталып, миграциялық заңнамаларды бұзудың 14 мыңнан астам фактісі анықталғанын және екі килограмға жуық есірткі мен 180-ге тарта қару-жарақ тәркіленгенін хабарлайды.

Ресми ақпаратта бірақ елден шығарылғандардың қандай елдің азаматтары екені айтылмайды. Бірақ Ресей ішкі істер министрлігі бас басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Голиков заңсыз мигранттардың көпшілігі оларға заңсыз жолмен жалға берілген 2 мың 200 пәтерден ұсталғанын айтады. Оның сөзінше, 1 мың 620 пәтерде Орталық Азия мен Кавказ аймағынан келген мигранттар уақытша тұрған.

Мигранттарға құқықтық көмек беретін Мәскеудегі "Помощь" ұйымының жетекшісі Бахром Хамроев арнайы операциялар жүрген уақытта мигранттардан көптеген арыз-шағым түскенін, көмек сұрағандардың көпшілігі - Тәжікстан мен Өзбекстанның ұсталып, елден шығарылған азаматтары екенін айтады.

XS
SM
MD
LG