Accessibility links

Ресей: ОПЕК саммитіне қатыспаймыз


Ресей энергетика министрі Александр Новак.
Ресей энергетика министрі Александр Новак.

"Ресей осы аптада Венада өтетін мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК жиынына қатыспайды және бұдан былай әлемдегі мұнай өндірісін азайтуға тырыспайды" деп мәлімдеді Ресей энергетика министрі Александр Новак пен оның орынбасарлары. Олардың сөзінше, бұған себеп - әлемде мұнай баррелінің бағасы 50 АҚШ долларына жақындауы.

Ресей бірнеше апта бұрын ғана мұнай бағасының одан ары арзандауын болдырмау үшін ОПЕК-пен мұнай өндірісін азайту туралы келісім жасауға тырысқан.

Бірақ мұнай бағасы барреліне 30 доллардан да арзандаған қаңтардан бері баға әлемдік ірі өндірушілер қандай да бір шара қабылдамай-ақ біраз көтерілді. Мұның басты себебі Нигериядағы тәртіпсіздіктер мен Канададағы орман өртінен мұнай жеткізуде күрт тапшылық туындағанынан болуы мүмкін.

"Қазір мұнай бағасы қалпына келе бастағанын көріп отырмыз және осы жылдың басындағы жағдаймен салыстырғанда бұл мәселе қазір өзекті емес" деген Новак алда мұнай бағасы қалай өзгеретінін бақылап отыратынын айтты.

Новактың орынбасары Анатолий Яновский Ресей 2 маусымда басталатын ОПЕК саммитіне тіпті техникалық өкілдерін де жібермейтінін, Ресейді жиынға ешкім шақырмағанын айтты.

XS
SM
MD
LG