Accessibility links

Украина АҚШ-қа зымыран қозғалтқышын бірлесіп жасауды ұсынды


Ресейлік РД-1801 зымыран қозғалтқышы (Көрнекі сурет).
Ресейлік РД-1801 зымыран қозғалтқышы (Көрнекі сурет).

Украина АҚШ-қа америкалық әскери спутниктерді ұшыруда қолданылатын зымыран қозғалтқыштарын бірігіп дамытып, жасауды ұсынды.

Украина ғарыш агенттігінің басшысы Любомир Сабадоштың мәлімдеуінше, ол өткен айда АҚШ-қа барғанында осы ел пайдаланатын ресейлік РД-180 зымыран қозғалтқыштарын алмастыру жоспарын ұсынғанын айтты.

"Біз өзіміздің мүмкіншіліктерімізді бірлескен шешім шығаруға пайдалануды ұсындық. Бұл өте күрделі міндет, бірақ біз оны орындай аламыз" деді Сабадош. Ол АҚШ бұл ұсынысына қызығушылық білдіргенін, ендігі келіссөз биыл қарашада Киевте өтетінін және идеяны дамыту, сынақтар өткізу және қаржыландыру мерзімдері талқыланатынын айтты.

АҚШ конгресі 2014 жылы АҚШ пен Ресей қарымқатынасы Қырым мәселесіне қатысты нашарлағанда америкалық әскерилерге зымыран ұшыруда қолданылатын ресейлік зымыран қозғалтқыштарын алмастыру жолдарын табуды тапсырған.

Пентагон АҚШ-тың жекелеген компанияларына балама зымыран қозғалтқыштарын табуға қосымша уақыт пен ынта керегін, бірақ ресейлік қозғалтқыштарды дереу алмастыру қымбатқа түсетінін айтқан.

XS
SM
MD
LG