Accessibility links

Белсенді Мақсат Ілиясұлы қамаудан шықты


Жер дауының шешімі қандай? (1-бөлім)
please wait

No media source currently available

0:00 0:23:34 0:00

Белсенді Мақсат Ілиясұлының қамалар алдында Азаттықтың онлайн-конференциясында жер дауы туралы айтқан ойлары.

1 маусым түнде азаматтық белсенді Мақсат Ілиясұлы Астанадағы әкімшілік жазаға тартылғандарды қамау орнынан босады. Ол 17 мамырда қамауға алынып, сол күні азаматтық кодекстің 488-бабының 3-тармағы, яғни "Заңсыз митинг ұйымдастыру" бабы бойынша әуелі 10 күнге сотталған. Астана қаласы прокуратурасының қарсылығынан кейін Мақсат Ілиясұлына берілген жазаға сот тағы бес күн қосқан.

Азаттық тілшісімен сөйлескен Мақсат Ілиясұлы қамау мерзіміне тағы да бес күн қосылғанын 26 мамыр күні ғана естігенін айтты.

- "Заңсыз митингі ұйымдастыру" бабы бойынша сотталған астаналық сегіз азамат әкімшілік жазаға тартылғандарды қамау орнында бір-бірімізді сырттай ғана көрдік, сырттағы оиғалардан хабарсыз болдық, - деді ол.

Мақсат Ілиясұлы сәуірдің соңында Қазақстанның бірнеше қаласында өткен үкіметтің жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсы акциялардан соң құрылған Жер реформасы туралы республикалық комиссия мүшелігіне қабылданған. Бірақ оның алғашқы отырысына қатысқан соң комиссия жұмысынан бас тартқан еді.

"21 мамырда жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді» деген ақпарат тараған соң 17 мамырдан бастап полиция 30-ға тарта адамды ұстап, сот оларды 10-15 тәулікке дейін қамау туралы шешім шығарған.

21 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында үкіметтің жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беру жоспарына қарсы стихиялы митингіні полиция таратып, оған қатыспақ болған ондаған адамды ұстап, олардың кейбіріне айыппұл салынған. Ұсталғандар арасында ондаған журналист пен азаматтық белсенді де болған.

XS
SM
MD
LG