Accessibility links

Қытай компаниясы СҚО-да майлы дақыл өңдеу зауыты құрылысын бастады


Қытайлық "Айцзю" компаниясы басшысы Хэи Дзя (ортада) бірлескен зауыт құрылысын бастау салтанатында. Солтүстік Қазақстан облысы, 2 маусым 2016 жыл.

Қытайлық "Айцзю" компаниясы басшысы Хэи Дзя (ортада) бірлескен зауыт құрылысын бастау салтанатында. Солтүстік Қазақстан облысы, 2 маусым 2016 жыл.

Солтүстік Қазақстан облысында қытайлық "Айцзю" компаниясы майлы дақылдарды қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорын зауыты құрылысын бастады. Зауыт Тайынша ауданына қарасты Ильичевка ауылында тұрғызылмақ. Бірлескен жобаға қытайлық инвесторлар қазірге дейін 30 миллион доллар қаражат құйған. Жобаға әлі 100 миллион доллар көлемінде инвистиция құю жоспарланып отыр. Зауыт Солтүстік Қазақстан облысынан жылына 300 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды сатып алады және күніне бір тонна май шығарады деп жоспарланған.

"Айцзю" компаниясының президенті Хэи Дзяның сөзінше, Қазақстанда қайта өңдеу зауытын салудың мүмкіндігі зор.

- Біз Қазақстандық өнімді органикалық таза өнім деп білеміз. Сондықтан ол Қытай нарығында үлкен сұранысқа ие болады. Қытай жылына 17 миллион тонна май өнімдерін шеттен әкеледі. Қазақстанда қайта өңдеу зауытын салу үлкен мүмкіндіктер береді деп ойлаймыз және біз Қытайда эспортты бір жөнге келтіреміз, - деді Хэи Дзя.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов бұл жоба сәтті жүзеге асса компания басшылығы тағы жеті зауыт салуды жоспарлап отырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG