Accessibility links

Клинтон: Трамп президенттікке лайық емес


Хиллари Клинтон.

Хиллари Клинтон.

АҚШ-та президент сайлауына Демократиялық партия атынан түсуге басты үміткер Хиллари Клинтон бәсекелесі, Республикашыл партиядан сайлауға түсуге үміткер Дональд Трамп президенттік қызметке "лайық емес" және оған ядролық қару коды берілмеуі тиіс деп мәлімдеді. Клинтон бұған Трамптың қызбалығы себеп дейді.

2 маусымда Калифорния штатының Сан-Диего қаласында АҚШ-тың сыртқы саясатына арналған сөзінде Клинтон Трамптың халықаралық саясат бойынша ұсыныстарын "өзара байланысы жоқ қауіпті" деп, миллиардер Трамптың өзін "Американы немесе әлемді түсінбейтін" адам деп атады.

Клинтон сонымен қатар АҚШ-тың әлемдегі жетекшілік рөлін қолдауға негізделген "парасатты және ұстанымы бар" сыртқы саясатты ұсынатынын мәлімдеді. "Егер Дональд Трамп жеңіске жетсе, Кремльдегілер той жасайды. Біз бұлай етуге жол бере алмаймыз" деді Клинтон.

Оның сөзінше, Трамп АҚШ президенті болып сайланса онда ол "тарихи қателік" болады.

Келесі аптада Калифорнияда Демократиялық партия мүшелерінің өз ішінде дауыс беруі (праймериз) өтеді. Праймеризде Клинтон Демократиялық партиядан президенттікке түсуден тағы бір үміткер Берни Сандерспен тағы да бәсекеге түседі.

XS
SM
MD
LG