Accessibility links

Құл-Мұхаммед: Қазақстанда қару-жарақ дүкендерін жабу керек


«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Ақтөбедегі шабуылдардан соң Қазақстанда қару-жарақ сататын дүкендер жабылуы мүмкін деп мәлімдеді "Нұр отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед. Ресми ақпарат құралының хабарлауынша, Құл-Мұхаммед бұл туралы бүгін Ақтөбеде 5 маусымда қару-жарақ дүкеніне шабуылдан мерт болған тұрғын Николай Онищенконың отбасына барғанда айтқан.

"Қазір біз қару-жарақ дүкендері туралы заңға өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз. Дүкендерді бір қалада ғана емес, бүкіл елде жабу керек" деген Мұхтар Құл-Мұхаммед.

1942 жылы туған Николай Онищенко "Паллада" дүкеніне шабуыл жасалғна кезде дүкен жанынан өтіп бара жатып оққа ұшқан.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 19 адам мерт болды.

XS
SM
MD
LG