Accessibility links

Назарбаев ҰҚК басшысымен Ақтөбедегі жағдай туралы сөйлесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Владимир Жұмақановпен кездесіп, Ақтөбедегі жағдайды талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаевқа антитеррорлық операция жайы айтылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:27 0:00
Жүктеп алу

Ресми ақпаратқа қарағанда, Жұмақанов кездесуде Назарбаевқа Ақтөбедегі террорға қарсы операцияның аралық есебі туралы баяндаған. Жұмақанов қазірге дейін 13 күдіктінің көзі жойылып, 14-і жараланғанын, қазір алты адам іздестіріліп жатқанын айтқан. Жұмақанов сонымен қатар бүгін таңертеңгі сағат 8 шамасында пионерлер лагерінің күзетіне ақ түсті Lada көлігінен тегіс ұңғылы қарудан "оқ атқанын" хабарлаған.

"Біз олардың аймақта екенін білеміз, аты-жөндері белгілі. Тұрғындар ескертілді. Қылмыскерлердің бірін қалдырмай ұстау керек. Қарулы қарсылық көрсеткенінің көзі жойысын. Барлығы қатаң түрде жазалануы тиіс" деген Назарбаев.

ҰҚК басшысының сөзінше, "қылмыс жасауға дайындық кезінде оған қатысудан 20 адам бас тартқан". Олар анықталып, қазір тергеліп жатыр.

Өткен жексенбіде Ақтөбеде белгісіз адамдар екі қару-жарақ дүкенін тонап, әскери бөлімге шабуылдаған. Ресми мәлімет бойынша, шабуыл мен атыстан барлығы 21 адам мерт болды. Олардың 13-і - шабуыл жасады деген күдіктілер, сегізі - бейбіт тұрғындар. Қазақстан билігі шабуыл жасағандар "радикалдық діни топ жақтастары болуы мүмкін" деген болжам айтады. Бұған дейін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті жеті күдіктіге іздеу жариялаған.

Шабуылдан соң Ақтөбеде террорлық қауіп-қатердің ең жоғарғы "қызыл сызығы" деңгейі жарияланған. Ал 6 маусымда Қазақастанда 40 күн мерзімге террорлық қауіп-қатердің "сары деңгейі" жарияланған.

Назарбаев Ақтөбедегі жағдайлардан кейін көрінбей қалған.

XS
SM
MD
LG