Accessibility links

Бақылаушылар: АҚШ Ауғанстанда миллиардтаған долларын жоғалтты


Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі арнайы бас инспектор (SIGAR) Джон Сопко.

Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі арнайы бас инспектор (SIGAR) Джон Сопко.

Бақылаушылардың мәліметінше, соңғы он жылда АҚШ Ауғанстанды қалпына келтіруге миллиардтаған доллар қаржыны бекерге жұмсаған, ал өзінің астыртын әрекетін жалғастырған талибтер қол жеткен жетістікті жоққа шығарды.

Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі арнайы бас инспектор (SIGAR) Джон Сопконың Reuters агентігіне хабарлауынша, "болмашы мақсатқа тым көп қаржы жұмсалды және ол аса бақыланбады". Сопко егер жағдай нашарлай берсе онда "тіпті қаржы орынды жұмсалып, ілгерілеу байқалған аймақтар да қауіпке ұшырауы мүмкін" дейді.

Сопконың есебінде 2001 жылдан бері Ауғанстанды қалпына келтіруге бөлінген 113 миллиард доллар коррупция мен дұрыс емес басқару салдарынан желге ұшқан. Төрт жыл бұрын АҚШ президенті Барак Обама тағайындаған Сопко Ауғанстаннан америкалықәскерді шығарудың ықтимал жоспары мәселені ушықтырып, босқа жұмсалған шығынды көбейте беруі мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG