Accessibility links

Атамбаев: Діни догмаға көзсіз еру - ИМ-ге апарады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев дін саласындағы сарапшылармен кездесіп отыр. Бішкек, 10 маусым 2016 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев дін саласындағы сарапшылармен кездесіп отыр. Бішкек, 10 маусым 2016 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев түрлі діни догмалар мен өкімдерге "ойланбай" еретін адамдарды сынады. Атамбаев бұл туралы Жогорку Кенеш депутаты Жанар Акаевамен, дін өкілдері және сарапшылармен кездесуінде айтты деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

- Барлық жерде сезім өлшемдері болуы керек. Діни догмаларға ойланбай ерудің араб елдерін қандай күйге түсіргенін білеміз. Мұндай әрекеттер - тура "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына апарады. Біз тарихы, мәдениеті мен дәстүрі бай ұлт өкілдері ретінде мәңгүрт болуға және осының барлығын өзгеге, сырттан таңылатын өмір сүру салты мен дүниетанымға сатып жіберуге хақымыз жоқ. Діни салада сырттан таңуға жол беруге болмайды және жете ойланбаған тыйымдар да жақсылық әкелмейді, - деді Атамбаев.

Қырғызстан президенті мемлекеттің зайырлылық ұстанымын бұзуға болмайтынын және "діни тұлғалардың саясатқа араласуына" жол бермеу керегін айтты.

Кездесуге қатысқандар Қырғызстанның еңбек кодексіне жұма намазын оқу үшін түскі үзіліс уақытын ұзартуға қатысты өзгерістер енгізу жайлы талқылауға алаңдаушылық білдірген. Жиналғандар мұндай бастамалар қоғамдағы деструктивті қарама-қайшылыққа әкеп соқтыруы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG