Accessibility links

Орландодағы гей-клубқа шабуыл құрбандары 50 адамға жетті


Орландодағы клубқа шабуылдан жараланғандарғам қан тапсыруға кезекте тұрған адамдар. АҚШ, 12 маусым 2016 жыл.
Орландодағы клубқа шабуылдан жараланғандарғам қан тапсыруға кезекте тұрған адамдар. АҚШ, 12 маусым 2016 жыл.

Флорида штатының Орландо қаласында түнгі гей-клубта болған атыстан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті. Pulse клубына келушілерге жаппай оқ атқан адамды полиция атып өлтірген. АҚШ тарихында мұндай кісі көп өлтірілген қанды қырғын бірінші рет болып отыр. Орландо мэрі Бадди Дайердің айтуынша, атыстан тағы 53 адам жараланған.

АҚШ президенті Барак Обама америкалықтар бірлікте екенін және "үрейге бой алдырмай, терроризм актісі мен жеккөрінішке бірге қарсы тұратынын" мәлімдеді. Полиция клубқа шабуыл басталғаннан үш сағат өткенде басып кіріп, адамдарды кепілге алған шабуылдаушыны атып өлтірген. "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын қолдайтын Amaq агенттігі шабуылға ИМ-нің қатысы барын мәлімдеді.

Шабуыл жасаған адам тегі ауған америкалық Омар Матин делінеді. Құқық қорғау органдары шабуылдың ел ішіндегі жасалған қылмыс, я халықаралық теракт екенін, Омар Матиннің сыбайластары болған не болмағанын анықтап жатыр.

Федералдық тергеу бюросының агенті Рональд Хоппер шабылдаушы радикалды ислам идеологиясын ұстанған болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG