Accessibility links

БҰҰ гейлерге шабуылды айыптайтын қарар қабылдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы (Көрнекі сурет).

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ресей, Африка және мұсылман елдерінің қарсылығына қарамастан Флоридадағы гей-клубқа шабуылды айыптайтын қарар қабылдады.

Қауіпсіздік кеңесі АҚШ ұсынған қарарда "адамдарға жыныстық белгісі бойынша шабуыл жасауды" айыптады. Флорида штатының Орландо қаласында қарулы адам гей-клубқа шабуыл жасар алдында өзінің экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымына адал екенін білдірген. Шабуылдан 49 адам қаза тауып, 53 адам жараланған.

Құқық қорғау ұйымдары ИМ ондаған гейді көпірден лақтырып, я атып өлтіріп, олардың видеосын интернетке жариялаған дейді.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісінің орынбасары Дэвид Прессман қарарды қолдауға шақырған кезінде "Егер біз адамдарды мұндай қырғынға ұшыратуға бірігіп қарсы тұрсақ, онда оны жасаған террористерді айыптап қана қоймай, барлық адамдардың универсалды қадыр-қасиеті мен ар-ұжданын бірігіп қолдаудың басты алғышарттарын жасауда да теңдей бірігейік" деді.

БҰҰ мәліметінше, 74 мемлекетте гей болу қылмыс саналады. Гейлер құқығы мәселесі әдетте БҰҰ-да қызу пікірталастар тудырады. Ресей таяуда мұсылман елдерімен бірігіп гейлер құқығын қорғайтын топтардың БҰҰ-ның СПИД-пен күрес жөніндегі конференциясына қатысуына тыйым салуды қолдаған.

XS
SM
MD
LG