Accessibility links

Венесуэлада жаппай тәртіпсіздіктен соң 400 адам ұсталды


Каракастағы Венесуэла қауіпсіздік күштері (Көрнекі сурет)

Каракастағы Венесуэла қауіпсіздік күштері (Көрнекі сурет)

Венесуэла қауіпсіздік күштері бірер күн бұрын елде болған тәртіпсіздік пен тонаудан кейін 400 адамды тұтқындады. 14 маусымда елдің шығысындағы Куман қаласында тонаушылар ондаған дүкенге тап беріп, қауіпсіздік күштері жағдайды бақылуға алуға тырысқанда қақтығыс болған.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, ашынған топ "Бізге тамақ керек!" деп айқайлаған. Венесуэлада соңғы апталарда азық-түлік тапшылығынан елдің түкпір-түкпірінде наразылық шаралары мен дүкендерді басып алу оқиғалары жиілеген.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 14 маусымда Венесуэла сыртқы істер министрімен кездесуден соң АҚШ пен Венесуэла қарым-қатынастағы шиеленісті бәсеңсіту үшін дереу келіссөз бастауға дайын екенін және Вашингтонның Каракасты Америка мемлекеттері ұйымынан шығаруды қолдамайтынын мәлімдеген.

Әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші елдердің бірі Венесуэла экономикалық және саяси дағдарысқа ұшырап, елде әлеуметтік толқулар басталған. АҚШ мемлекеттік хатшының саяси мәселелер бойынша орынбасары, Вашингтонның Латын Америкасы елдері бойынша ардагер дипломаты Томас Шэннонды Каракаспен қарым-қатынасын реттеу жөніндегі өкілі ретінде жіберіп отыр.

XS
SM
MD
LG