Accessibility links

Ресей Алеппода 48 сағаттық бітім жариялады


Соғыстан қираған Алеппо көшесі. Сирия, 8 маусым 2016 жыл.

Соғыстан қираған Алеппо көшесі. Сирия, 8 маусым 2016 жыл.

Ресей қорғаныс министрлігі Сирияның Алеппо қаласында 16 маусымнан бастап 48 сағаттық бітім орнайтынын хабарлады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі dpa агенттігіне Сириялық топтар Алеппода Дамаск уақытымен 16 маусым күні түнде "әскери қимылдарды тағы да тоқтатуға" келіскенін растады.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри 15 маусымда Ресей мен Сирия билігіне "АҚШ-тың төзімі таусылып бара жатқанын" айтып, ақпанда жасалған қақтығысты тоқтату келісімін құрметтеуі тиіс екенін ескерткен.

Ресей "Әл-Қаиданың" Сириядағы бөлімі "Нусра майданы" тобын Алеппо маңындағы елді мекендерді реактивті дүркіндете ататын жүйеден атқылады және қаланың оңтүстік-батысына танкіден шабуылдады деп айыптайды.

Ресей Алеппода орналасқан сириялық көтерілісшілер мен қарулыц топтармен соғысып жатқан Сирия билігіне жақтас топтарға әуе шабуылы арқылы қолдау көрсетеді.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының мәліметінше, 14 маусымнан бері қақтығыстарда 70 сарбаз қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG