Accessibility links

Отставкадағы генерал-майор Мұрат Қалматаев қайтыс болды


Ауғанстандағы соғысқа қатысқан генерал-майор Мұрат Қалматаев.
Ауғанстандағы соғысқа қатысқан генерал-майор Мұрат Қалматаев.

Қазақстан ішкі істер қызметінің ардагері, отставкадағы полиция генерал-майоры Мұрат Қалматев 80 жасында қайтыс болды. Қалматаевтың туысы Азаттыққа марқұмның ұзаққа созылған сырқаттан бүгін дүниеден өткенін айтты.

1988-1989 жылдары Ауғанстандағы соғысқа қатысқан Қалматаев кейін Семей облыстық ішкі істер басқармасын басқарып, ішкі істер министрінің кеңесшісі болған. Мұрат Қалматаев Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі комитет төрағасы болған.

Марқұм мемлекеттік бірнеше медальмен марапатталған.

XS
SM
MD
LG