Accessibility links

Православ шіркеулері басшылары тарихи кездесу өткізіп жатыр


Константинополь патриархы Варфоломей.

Константинополь патриархы Варфоломей.

Әлемдегі православиелік шіркеулердің жетекшілері Грекияның Крит аралына мың жылда бірінші рет бүкіләлемдік соборға жиналды. Мұнда православтардың Қасиетті Үштік күні құрметіне құлшылық жасалды. Бүкіләлемдік осбор 27 маусымға дейін жалғасады. Соборды Константинополь патриархы Варфоломей ерлі-зайыптылық, діни ауыз бекіту және басқа да әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін шақырған.

Ресей патриархы Кирилл Болгария, Сербия және Сирия шіркеулері басшыларын қолдау ретінде кездесуге қатысудан бас тартты. Бұл үш шіркеудің басшылары да соборды ұйымдастыру ісіне келіспей Критке бармаған.

Орыс православие шіркеуінің 130 миллион жақтаушысы бар. Бұл әлемдегі православтардың жартысын құрайды. Соборға бойкот жариялау діни жетекшілердің бірігуге деген серпілісіне нұқсан келтіріп отыр.

XS
SM
MD
LG