Accessibility links

Әлиев пен Саргсян Санкт-Петербургте кездесті


Солдан оңға: (бірінше қатарда) Армения президенті Серж Саргсян, Ресей президенті Владимир Путин және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (оң жақ шетте). Санкт-Петербург, 20 маусым 2016 жыл.

Солдан оңға: (бірінше қатарда) Армения президенті Серж Саргсян, Ресей президенті Владимир Путин және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (оң жақ шетте). Санкт-Петербург, 20 маусым 2016 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Серж Саргсян Санкт-Петербургте кездесіп, Әзербайжаннан бөлінген Таулы Қарабақ аймағына қатысты жанжалды реттеуді талқылады. Екі ел басшылары биыл сәуірдің басында Таулы Қарабақта болған бірнеше күндік қақтығыстан соң екінші рет кездесіп отыр.

Келіссөзге Ресей президенті Владимир Путин де қатысты. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың сөзінше, үш ел президенттері бірлескен мәлімдемесінде Таулы Қарабақтағы өзара шектесетін аймақта жағдайды қалпына келтіруге дайын екенін білдіріп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылаушыларының санын арттыруға келіскен. Әлиев пен Саргсян бұған дейін мамыр айында Венада кездескен.

Таулы Қарабақтағы Армения қолдайтын сепаратистер 1990 жылдардың басында болған соғыста Әзербайжаннан бөлініп кеткен. Ол соғыста 30 мыңға тарта адам қаза болған. Қақтығысты тоқтату туралы әлсіз келісімдерге қарамастан, жанжалды бейбіт шешу жөніндегі дипломатиялық қадамдар айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.

XS
SM
MD
LG