Accessibility links

Ұлттық банк: Қазақстанның сыртқы қарызы 12,8 миллиард доллар


Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы.
Данияр Ақышев, Ұлттық банк төрағасы.

Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік кепілдендірілген қарызы 2015 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 12,8 миллиард долларды құрайды деп хабарлады бүгін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Алматыда өткен баспасөз конференцясында.

Ақышевтің мәліметінше, Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнім көлемінің 7 пайызын құрайды және бұл "әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі". Ұлттық банк төрағасы соңғы уақытта кейбір ақпарат құралдарында "сыртқы қарызға қатысты кейде дұрыс емес мәліметтер берілетінін" айтты. Бұған дейін қазақстандық бірқатар ақпарат құралдары Қазақстанның сыртқы қарызы жекеменшік секторды қосқанда 150 миллиард доллардан асатынын хабарлаған.

Жиында Данияр Ақышев Қазақстандағы инфляция деңгейі мамыр айында 0,5 пайызды құрағанын да айтты. Ол бақылаудағы инфляция деңгейі "көпжылдық трендке сай келеді" дейді. Ол Ұлттық банктің болжамдары инфляция көрсеткіші 2016 жылы 6-8 пайыз аралығында болады деген болжамды растап отырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG