Accessibility links

Мейрамовтар отбасын үйден шығару кейінге қалды


Әділбек Мейрамов үйінің терезесінде газ баллонын жаратынын айтып, билік өкілдерінің үйге жоламауын талап етіп тұр. Астана, 24 маусым 2016 жыл.
Әділбек Мейрамов үйінің терезесінде газ баллонын жаратынын айтып, билік өкілдерінің үйге жоламауын талап етіп тұр. Астана, 24 маусым 2016 жыл.

Астанада бүгін Мейрамовтар отбасын үйінен күштеп көшіруге барған сот орындаушылары көшіруді кейінге қалдырды. Отағасы, 42 жастағы Әділбек Мейрамов таңертеңнен бері бес сағатқа жуық уақыт үйге бекініп, үйге ешкімнің жоламауын талап еткен. Ол бөтен адам үйге жоласа газ баллонын жаратынын айтып ескерткен. Ол өзімен сөйлесуге қала әкімі Әсет Исекешевтің келуін талап еткен.

Сот орындаушысы Ердәулет Болысбеков сот шешімі орындалмағаны туралы акт толтырып, оған оқиға орнында болған полиция, өрт сөндіру қызметкерлері, билік өкілдерінің қолын қойдырып алды. Сот орындаушысының Азаттық тілшісіне айтуынша, осы акт негізінде ертең Мейрамовқа қарсы "әкімшілік шара қолданылады".

Сот орындаушылары кеткен соң Мейрамов өз талабынан танбайтынын айтты.

- Сот орындаушылары менің конститкуциялық құқығымды бұзып отыр. Мен өзімді әкім қабылдаквн талап етемін. Маған беріп отырған ақша тіпті жер телімін алуға да жетпейді. Мен әділ шешім болғанын талап етемін, - деді Әділбек Мейрамов.

Сот орындаушылары және билік өкілдерімен бес сағатқа созылған текетіресте Әділбектің жанында әйелі Гүлзада Арықбаева болды. Әйелі бұл оқиғаның алдында ғана аяғы ауыр болғандықтан ауруханада сақтандыру бөлімінде жатып шыққан. Гүлзада Арықбаева журналистерге отбасына үйден көшіретіні туралы ескертпегенін айтып, күштеп көшіруді заңсыз деп атады.

Мейрамовтар отбасын күштеп көшіру әрекеті бірінші рет болып отырған жоқ. Сот орындаушылары 2015 жылы желтоқсанда да үйді сүрмек болған. Ол кезде Гүлзада Арықбаева өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып, үйден шығару кейінге қалдырылған.

XS
SM
MD
LG