Accessibility links

Рим Папасы ЕО-ны бөлінбеу жолдарын іздеуге шақырды


Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск.

Рим Папасы Франциск Еуропа Одағын (ЕО) Ұлыбритания одақ құрамынан шығуға дауыс бергеннен соң бөлінбеу жолдарын табуға шақырды.

26 маусымда Арменияға баратын кезінде сөйлеген Франциск ЕО-дағы жұмыссыздық деңгейінің жоғарылығы мен экономикалық стагнацияны меңзеп "бұл абажадай алып одақта бір нәрсе дұрыс жұмыс істемей тұрғаны анық" екенін айтты.

"ЕО қайта күш-қуатына келу үшін өзінің түп қайнарына үңіліп, одақтағы елдерге барынша көп тәуелсіздік пен еркіндік беруі тиіс" деді 79 жастағы Франциск.

Ол сонымен қатар Рим католик шіркеуі гейлерден оларға деген ұстанымы үшін кешірім сұрауы тиіс екенін айтты. Рим Папасы шіркеудің гейлерге үкім айтуға хақы жоғын және оларға құрмет көрсетуі тиіс екенін жеткізді.

XS
SM
MD
LG