Accessibility links

Сұлтанов: Қазақстан қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр


Бақыт Сұлтанов, Қазақстан қаржы министрі.

Бақыт Сұлтанов, Қазақстан қаржы министрі.

Қазақстан мемлекеттік қарызы бар 134 елдің арасында қарыз көлемі жөнінен 12-орында тұр деп мәлімдеді қаржы инистрі Бақыт Сұлтанов.

Астанада өткен халыққа есеп беру жиынында мемлекеттің қарызы бақылауда тұрғанын және қазіргі бюджет концепциясында 2019-2020 жылдарға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнім көлемінің 1 пайызы көлеміне дейін азайту жоспарланып отырғанын айтты.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы және мемлекеттік кепілдендірілген қарызы 2015 жылдың соңындағы көрсеткіш бойынша 12,8 миллиард долларды құрағанын хабарлаған. Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы қарызы жалпы ішкі өнімінің 7 пайызын құрайды.

XS
SM
MD
LG