Accessibility links

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне мүше болды


Қазақстан парламенті сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Нью-Йорк, 4 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун. Нью-Йорк, 4 наурыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі жылға мүше болып сайланды. БҰҰ бас ассамблеясындағы 193 елдің 138-і Қазақстанды, 55-і онымен бәсекеге түскен Таиландты жақтады.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне вето құқығы бар тұрақты мүше бес ел (Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) және әрбірі екі жылға сайланатын тұрақты емес мүше 10 ел кіреді. Тұрақты мүше емес 10 елдің бесеуі жыл сайын жаңарып тұрады. Биылғы бес орыннның төртеуін Қазақстан, Швеция, Эфиопия мен Боливия иеленді, ал бесіншісі Италия мен Нидерландтың біреуіне тиеді.

2017 жылдың 1 қаңтарында БҰҰ қауіпсіздік кеңесінен тұрақты мүше емес бес ел (Ангола, Венесуэла, Испания, Малайзия мен Жаңа Зеландия) шығады.

XS
SM
MD
LG