Accessibility links

ЕО Ұлыбританияның одақтан шығуына уақыт берді


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер. Брюссель, 28 маусым 2016 жыл.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Еуропа комиссиясының президенті Жан-Клод Юнкер. Брюссель, 28 маусым 2016 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель британ сайлаушыларының Еуропа Одағынан (ЕО) шығу шешімінен қайтарудың "ешқандай жолын көрмей тұрғанын", бірақ ЕО басшылары Ұлыбританияға одақтан шығу процесін бастауға біраз уақыт беретінін мәлімдеді.

28 маусымда Брюссельде ЕО елдері басшыларының Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесуінен соң Меркель барлығы Ұлыбританияның одақтан шығатынына өкініш білдіріп жатқанда қазір "арман, тілектің іске асуын күтетін уақыт емесін" айтты.

Кэмерон британдықтар одақтан шығуға дауыс бергеніне қарамастан, Ұлыбритания Еуропадан теріс айналмайтынын және одақпен көршілес байланыс орнатқысы келетінін айтты. Ол 28 маусымда Лондон көшелерінде мыңдаған адамның Ұлыбританияның ЕО-дан шығуына қарсылық білдіріп, оппозициялық Лейбористік партияның елдің одақтан шығуына қатысты екінші қайтара референдум өткізу әрекеттеріне қарамастан референдум қорытындысы жойылмайтынын айтты.

"Мен Ұлыбританияның ЕО-да қалуы жолында бар күшімді салдым, бірақ ойлағаным болмады" деген Кэмерон 29 маусымда Брюссельдегі саммит өзінің қатысуынсыз өтетінін айтты.

"Қазір мен әрине бұған қайғырамын. Бірақ шынымды айтсам мен Ұлыбританияның Еуропамен дұрыс қарым-қатынас орнату жайына көбірек алаңдаймын" деді Кэмерон.

Меркель мен ЕО-ның өзге мемлекеттері басшылары Кэмерон мен Ұлыбританияның қазіргі үкіметі референдумға дейін ЕО құрамында қалуға күш салып, елдің одақтан шығу жоспарын дайындай алмағанын айтты. Олар осы себепті Ұлыбританияға аз дамылдап, жаңа үкімет жасақтап, одақтан шығу процесін бастауына уақыт беретінін айтты.

"Еуропа одақтан шығу процесін бүгін болса да бастауға дайын" деген Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск одақтан шығу қадамдары басталмас бұрын Ұлыбританиядағы дау бәсеңсіуі керегін айтты.

XS
SM
MD
LG