Accessibility links

Стамбулдағы теракт құрбандары саны 42-ге жетті


Стамбул әуежайына жасалған шабуыл құрбандарының бірін жерлеу. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

Стамбул әуежайына жасалған шабуыл құрбандарының бірін жерлеу. Стамбул, 29 маусым 2016 жыл.

Стамбул әуежайындағы теракті құрбандары саны 42 адамға жетті. Қаза тапқандар арасында 13 шетел азаматы бар. Терактіден 239 адам зардап шеккен. Олардың 128-і ауруханада, оның ішінде 40-ы жан сақтау бөлімінде жатыр.

28 маусым күні кешке Стамбулдың халықаралық Ататүрік әуежайында үш адам терминалға кіреберістегі бақылау-өткізу бекетінде қарудан оқ атып, оның екеуі әуежайға кіріп, өздерін жарып жіберген. Бір жанкешті ғимарат сыртында полицей атқан оқтан жараланып, жерге құлаған соң өзін-өзі жарған.

Әзірге шабуыл жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ Түркия билігі терактіні экстремистік "Ислам мемлекеті" ұйымы жасаған болуы мүмкін дейді. 29 маусымда АҚШ Орталық барлау басқармасының (немесе ЦРУ) директоры Джон Бреннан да осындай пікір айтып, ИМ АҚШ территориясы мен оның шетелдердегі нысандарына шабуыл жасауға дайындалып жатқанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG