Accessibility links

Ұлыбритания консерваторлары жаңа премьер сайлау кампаниясын бастады


Лондонның бұрынғы мэрі Борис Джонсон.

Лондонның бұрынғы мэрі Борис Джонсон.

Ұлыбританияның консервативтік партиясында жаңа премьер-министрді сайлау кампаниясы басталып кетті. Іс басындағы премьер Дэвид Кэмерон 23 маусымда Ұлыбританияда өткен референдумда британдықтардың көпшілігі елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуын қолдап дауыс берген соң 9 қыркүйекте отставкаға кететінін мәлімдеген. Кэмерон Ұлыбританияның ЕО құрамында қалуын қолдайды.

Лондонның бұрынғы мэрі Борис Джонсон премьерлікке басты үміткер саналады. Ішкі істер министрі Тереза Мэй де премьерлікке үміткерлер қатарында.

29 маусымда Кмерон қауымдар палатасында өзінен кейінгі премьер Ұлыбританияның ЕО-дан шығу жөніндегі ресми процедурасы басталған соң Брюссельмен ЕО-мен қарым-қатынастың жаңа форматы туралы келіссөз бастауына болатынын мәлімдеген.

Кэмерон кеңесшілерінің бірі Крис Грейлинг Лондонда Еуропа нарығына кіруге келісуіне мүмкіндігі барын мәлімдеген. Оның пікірінше, бұған себеп - Германия мен Франция өз экономикаларына злал келтіретін шектеулер енгізгісі келмейді. Reuters агенттігіне берген сұхбатында Грейлинг Лиссабон келісімінің 50-бабына сай Ұлыбританияның ЕО-дан шығу процесі басталған соң ЕО-мен бейресми келіссөз басталатынынан үмітті екенін айтты.

XS
SM
MD
LG