Accessibility links

БҰҰ гейлер құқығын қорғайтын бақылаушы тағайындайды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесі Ресей, Қытай және бірқатар мұсылман елдерінің қарсылығына қарамастан жыныстық азшылық өкілдері құқығының бұзылуын тексеретін бақылаушы тағайындауға келісті.

АҚШ-тың Флорида штатының Орландо қаласында түнгі гей клубқа жасалған шабуылдан соң ұсынылған бақылаушы тағайындау туралы қарарды АҚШ пен еуропалық мемлекеттер қолдады. Орландодағы шабуылдан 49 адам қаза тапқан.

Құжатты Африканың бірнеше мемлекеті мен мұсылман елдері, Ресей, Қытай қабылдамады. Сауд Арабиясының БҰҰ-дағы елшісі Фейзал бин Хассан Трад бақылаушы тағайындау "өзінің мәдени ерекшелігін қорғауға тырысатын мемлекеттің ішкі ісіне араласу құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін" деп мәлімдеді. Ол Сауд Арабиясы қарар талаптарын орындамайтынын айтты.

Ұлыбританияның БҰҰ-дағы елшісі Джулиан Брейтуайттың айтуынша, қарарға қарсы әрекет ету жыныстық азшылық өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылықпен күреске қарсылық болып саналатынын айтты.

XS
SM
MD
LG