Accessibility links

Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауына түсуге өтініш берді


Шешенстан басшысы міндетін атқарушы Рамзан Қадыров. 2 шілде 2016 жыл.

Шешенстан басшысы міндетін атқарушы Рамзан Қадыров. 2 шілде 2016 жыл.

Ресейдің Шешенстан аймағының жетекшісі міндетін атқарушы Рамзан Қадыров алдағы қыркүйекке белгіленген Шешенстан басшысы сайлауына түсуге өтініші мен өзге де қажетті құжаттарды сайлау комиссиясына өткізген.

«Алдағы сайлау әлемдік тәжірибедегі ең таза және әділ сайлау болады деп ресми түрде мәлімдеймін» деп жазған Қадыров инстаграм желісіндегі парағында.

2016 жылы сәуір айында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қызмет өкілетінің кезекті мерзімі аяқталған соң Ресей президенті Владимир Путин оны Шешенстан жетекшісі міндетін атқарушы етіп тағайындау туралы жарлық шығарған. Өз сөзінде Путин Қадыров алдағы уақытта өтетін Шешенстан басшысы сайлауына қатысады деген үміт білдірген еді.

«Шешенстан тұрғындары, шешен халқы сайлау науқаны мен сайлау барысында сіздің республикаға сіңірген еңбегіңізді лайықты бағалайды деп күтемін» деген Путин.

Рамзан Қадыров 2009 жылы елдің бұрынғы президенті – әкесі Ахмад Қадыров қастандықтан қаза тапқан соң Шешенстан президенті болды. Құқыққорғаушылар оны адам құқығын бұзуға, азаматтарды ұрлау, жоғалту, азаптауға және саяси қарсыластарын өлтіруге қатысы бар деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG