Accessibility links

Ресей допинг дауына апелляциялық шағым түсірді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей олимпиада комитеті ресейлік спортшылардың олимпиададан шеттетілгеніне байланысты спорттық арбитраж сотына (CAS) апелляция шағымын түсіргенін мәлімдеді.

Комитет басшысы Константин Выборновтың мәлімдеуінше, соттағы тыңдау 19 шілде күні өтеді. Ресей олимпиада комитетінің заң департаментінің басшысы Александр Бриллиантовтың айтуынша, егер Ресей сотта жеңіп шықса, спортшыларды Рио олимпиадасына тіркеу уақыты ұзартылады. Рио олимпиадасына спортшыларды тіркеу 18 шілде күні аяқталуы тиіс.

Апелляция шағымдарын комитеттен бөлек олимпиададан шеттетілген ондаған спортшы да берген.

Бүкіләлемдік допинг агенттігінің 2015 жылғы қарашадағы есебінен кейін Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) Ресей жеңіл атлеттерін жарыстардан шеттетіп тастаған.

Маусым айында өткен IAAF жиынында бұл шектеу күшінде қалған. Ал Халықаралық олимпиада комитеті Ресейден бөлек елдердің допинг тексеруден өткен атлеттері ғана олимпиадаға қатысатыны туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG