Accessibility links

Бүгін Қызылорда қаласында 6600 азаматқа тұрғын үй салу үшін жер берілді. Бұл туралы Азаттықтың Қызылордадағы тілшісі хабарлады.

Азаматтарға жер беру үшін Қызылорда-Жезқазған тас жолының бойынан 980 гектар жер бөлінген. Бұл жерде енді "Бәйтерек" деп аталатын жаңа мөлтек аудан құрылады.

Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, жаңа мөлтек ауданға алдағы уақытта 75 шақырым жол салынып, 353 шақырым су жүйесі, 112 шақырым газ құбыры, 152 шақырым электр желілері тартылады. Бұл үшін бюджеттен 10 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді.

Бұл облыста соңғы рет халыққа жер телімі 2004 жылы берілген. Қазір Қызылордада әлі 42 мың азамат жер алу кезегінде тұр.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG