Accessibility links

Министр: Ильин, Чиншанло, Манеза, Подобедова Риоға бармайды


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Қазақстан мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг дауына ілінген төрт қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин, Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова Рио олимпиадасына қатыспайтынын айтты.

"Допинг дауына ілінген спортшыларымыз Рио олимпиадасына қатысады деу қиын. Олардың барлығы қазір спорттық шаралардан шеттетілген. Олардың ендігі мақсаты - Токио олимпиадасы" деді министр Астанадағы олимпиадашылар жиынынан соң.

Бүгін Ақордада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев олимпиадашыларды қабылдап, ту тапсыру рәсімін өткізді.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Пекин мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген.

XS
SM
MD
LG