Accessibility links

Сауд Арабиясында бірнеше жарылыс болды


Мединадағы Пайғамбар мешіті маңындағы жарылыс. 4 шілде 2016 жыл.

Мединадағы Пайғамбар мешіті маңындағы жарылыс. 4 шілде 2016 жыл.

4 шілде түс ауа жанкешті Медина қаласындағы Пайғамбар мешіті жанында өзін-өзі жарып жіберген. "Ал-Арабия" арнасының хабарлауынша, жанкешті жарылғыш затты күзет қызметі отырған ғимарат жанында іске қосқан.

Жергілікті басылымдар екі қауіпсіздік қызметкері мен жанкешті оқиға орнында мерт болғанын хабарлады.

Бұл оқиғаға дейін Сауд Арабиясының шығысындағы Катиф қаласында екі жарылыс, Джидда қаласындағы АҚШ консульдығы алдында бір жарылыс болған.

Катифте бір жарылысты жанкешті жасаса, екіншісінде бомба қойылған көлік жарылды. Ал Джиддада жанкешті өзін-өзі жарған.

XS
SM
MD
LG