Accessibility links

Мәсімов Қызылорда облысына барды


Қызылорда облысының аумақтық картасы.
Қызылорда облысының аумақтық картасы.

Қазақстан премьер-министі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды.

Мәсімовтың өзі Twitter парақшасында Байқоңырдағы Крайний әуежайына келгенін жазған. Ал премьер-министрдің баспасөз қызметі Мәсімов Қызылорда облысына Қазақстан президентінің тапсырмасымен барғанын, сапар барысында Байқоңырдағы аурухананың жұмысымен танысатынын хабарлады.

Бүгін таңертең Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Союз-ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Зымыран Ресейдің алғашқы тасымал ғарыш кемесі «Союз МС-ті» алып ұшқан. «Союз МС» бортында Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) экспедициясының ресейлік және шетелдік мүшелері болған.

XS
SM
MD
LG