Accessibility links

Консорциумнан Березовка балаларын емдеуге ақша талап етті


Батыс Қазақстан облысындағы Березока ауылына баратын жолдағы белгі (Көрнекі сурет).

Батыс Қазақстан облысындағы Березока ауылына баратын жолдағы белгі (Көрнекі сурет).

"Балалар әлде мұнай?" коалициясының мүшелері Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылы тұрғындары атынан Қарашығанақ газ конденсаты кенішін игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating B.V консорциумына петиция жіберді.

Петицияға балалары ауруға шалдыққан 11 ата-ана мен 77 қазақстандық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қол қойған. Петицияда консорциум Березовкада дертке шалдыққан балалардың тексеруден өтуіне және емделуі үшін ата-аналарына ақша беруді талап еткен.

Қарашығанақ кен орнынан бес километр жерде орналасқан Березовка ауылында 2014 жылдың қарашасында балалар жаппай улана бастаған.Экологиялық белсенділер "балалардың улануына кен орнынан шыққан газ себеп" дейді. Бірақ Қарашығанақ кен орнын игеруші компания мұнымен келіспейді.

2015 жылғы желтоқсанның ортасында билік көшірудің алғашқы кезеңінде Березовкадан Ақсай қаласына 82 отбасыны көшірген. Березовкада әлі 372 отбасы тұрып жатыр, оларды жыл соңына дейін көшіру жоспарланған.

Осы айда облыс прокуратурасы консорциумнан "газды өз бетімен жағып, табиғатқа зиын келтіргені үшін" 526 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салған.

XS
SM
MD
LG