Accessibility links

Франция - Еуропа чемпионатының финалында


Германия мен Франция матчынан көрініс.
Германия мен Франция матчынан көрініс.

Футболдан Франция құрамасы Еуропа чемпионатының финалына шықты. Алаң иелері жартылай финалда қазіргі әлем чемпиондары Германия құрамасын 2:0 есебмен жеңді.

Матчтың 45 минутында Бастиан Швайнштайгер қолымен ойнағаны үшін Германия құрамасының қақпасына пенальти белгіленіп, оны Антуан Гризманн дәл орындады.

Ойынның 72 минутында Гризманн екінші голын салды. Таблодағы бұл есеп матч соңына дейін сақталды.

Енді 10 шілдеде Парижде өтетін Финалда Франция мен Португалия құрамасы кездеседі. Португлия жартылай финалда Уэльс құрамасын жеңген.

XS
SM
MD
LG