Accessibility links

Абақтыда "асылып өлген" Тайыр Қалдыбаев Алматыда жерленді


Алматылық кәсіпкер Тайыр Қалдыбаевтың 2016 жылы шілденің 5-і күні "түрмедегі камерада асылып тұрған жерінен табылғаны" хабарланған. (Сурет отбасылық архивінен алынды).
Алматылық кәсіпкер Тайыр Қалдыбаевтың 2016 жылы шілденің 5-і күні "түрмедегі камерада асылып тұрған жерінен табылғаны" хабарланған. (Сурет отбасылық архивінен алынды).

5 шілдеде "тергеу изоляторында асылып" көз жұмған 49 жастағы кәсіпкер Тайыр Қалдыбаев бүгін Алматыдағы "Кеңсай-2" зиратына жерленді.

Жерлеу рәсіміне Қалдыбаевтың туысқандары қатысты. Ал "Қазкомерцбанк" өкілдері бұл рәсімге келген жоқ.

Тайыр Қалдыбаевты биыл 23 мамырда сот "Республика" және Nakanune.kz оппозициялық басылымдарында "Казкоммерцбанкті" қаралайтын көпе-көрнеу жалған ақпарат таратуға кінәлі деп танып, төрт жарым жылға бас бостандығынан айыруға үкім еткен.

"Қазкоммерцбанк" Тайыр Қалдыбаевтың қазасынан кейін мәлімдеме жасап, оның "банкке материалдық шығынды толық өтегенін" хабарлаған. Кейін банк Қалдыбаев берген 144 миллион 235 мың теңгені оның отбасына қайтару туралы шешім шығарған.

XS
SM
MD
LG